Іс-шара туралы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жасанды интеллектті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті.
Кеңеске Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дадебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Президент өз сөзінде қазір әлемде жасанды интеллекттің (ЖИ) қарқынды дамуына байланысты елеулі технологиялық өзгерістер болып жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жасанды интеллектті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті.
Кеңеске Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дадебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Президент өз сөзінде қазір әлемде жасанды интеллекттің (ЖИ) қарқынды дамуына байланысты елеулі технологиялық өзгерістер болып жатқанын атап өтті.
– Бұл технология әлемнің барлық елдерінің дамуына тікелей әсер етеді, онсыз қазір жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, озық технологиялар ұлттық тәуелсіздіктің кепіліне, экономикалық өсудің қозғаушы күшіне айналды. Біз жасанды интеллект саласында белгілі бір прогреске қол жеткіздік, бірақ бой босатуға болмайды. Осы стратегиялық бағытта белсенді жұмыс істеу қажет. Бұл жұмысты аса маңызды басымдықтардың бірі деп санаймын. БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) болжамы бойынша, 2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 4,8 трлн долларға жетуі мүмкін. Ал оның әлемдік технологиялық индустриядағы үлесі 7-ден 29 пайызға дейін артады. Бұл – бұрын-соңды болмаған өсім. Жасанды интеллект дамуға кең мүмкіндіктер ашады, – деді Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, бұл салада жаһандық бәсеке күшейіп келеді.
– 2025 жылғы шілдеде Президент Дональд Трамптың Әкімшілігі America’s AI Action Plan стратегиясын ұсынды, онда ЖИ АҚШ-тың технологиялық, экономикалық және қорғаныс көшбасшылығының аса маңызды құралы ретінде танылған. Біздің мамандарымыз осы және басқа да ұқсас құжаттарды мұқият зерделеп, практикалық қорытынды жасауы керек. Өз кезегінде Қытай Халық Республикасы ЖИ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Жаһандық ұйым құруға бастамашы болды. Мақсаты – ЖИ-ді басқаруға көпжақты тәсілді ілгерілету, цифрлық алшақтықты қысқарту, этиканы дамыту және ЖИ-ді орнықты қолдану. Қытайдың осындай ұйым құру туралы ұсынысын қолдап, дайындық іс-шараларына қатысу керек деп санаймын. Бұл еліміздің мүддесіне сай. Қазақстанның басты мақсаты – Еуразиядағы цифрлық хабқа айналу. Ол үшін нақты іс-әрекетке көшу қажет. Әр мәселеге жүйелі түрде қарап, салмақты шешімдер қабылдап, олардың орындалуын қатаң бақылау маңызды. Бұған дейін мен бірыңғай ұлттық цифрлық экожүйені құруды жеделдету туралы айттым. Қажетті инфрақұрылымды дайындауды, заңнамалық база мен деректер жинау жүйесін әзірлеуді, сондай-ақ жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жұмысты бастауды тапсырдым. Алайда бұл тапсырмалардың орындалу барысы қанағаттанарлықсыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы жасанды интеллект барлық салаларды дамытудың қозғаушы күшіне айналуы тиіс деп санайды. Оның пікірінше, ЖИ – еліміздің инновациялық дамуы мен цифрлық тәуелсіздігінің негізі.
– Алдағы бес жылда Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы тиіс. Бұл – айқын әрі өзгермейтін мақсат. Біз жасанды интеллекттің әлеуетін толық пайдаланатын елге айналуымыз керек. Осы биік мақсатқа жету үшін стратегиялық бағытты нақты айқындау қажет. Жаһандық технологиялық бәсеке және ЖИ-дің серпінді дамуы жағдайында күш-жігеріміздің тұтастығы мен сабақтастығын қамтамасыз ететін кешенді бағдарлама керек. Үкімет Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп жасанды интеллектті дамыту және елді цифрлық трансформациялау жөнінде жүйелі құжат әзірлеуі тиіс. Бұл жұмысқа халықаралық компаниялар мен беделді сарапшыларды тарту керек. Құжат толықтай прагматикалық, айқын болып, алдағы жұмысымыздың жол картасы болуы тиіс. Құжатта жасанды интеллектті дамыту мен қолданудың барлық аспектілері бойынша нақты шаралар кешені қамтылуы керек. Ол осы технологияны экономика мен мемлекеттік секторға енгізу тұрғысынан нақты әрі түсінікті болуы тиіс. Оның міндеті – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жаңа индустриялар құруға ықпал ету. Сондай-ақ еңбек нарығының трансформациясын басқаруға – ауқымды оқыту бағдарламалары мен кадрларға қажеттілікті болжау арқылы назар аудару маңызды, – деп атап өтті Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің цифрлық саясатының негізіне айналуы тиіс тоғыз басым бағытты атап көрсетті.
– Бірінші. Жасанды интеллектті экономиканың нақты секторына енгізуге кірісу керек. Міндет оңай емес, бірақ өмірлік маңызды, өйткені ол экономиканы түбегейлі жаңғыртуға, еңбек өнімділігінің өсуіне ықпал етеді. Ол үшін ірі кәсіпорындарымызбен өзара іс-қимыл орнату қажет. Үкімет «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп жыл соңына дейін ЖИ-ді өндірістік процестерге енгізудің экономикалық әсерін көрсететін нақты мысалдарын ұсынуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Формат
Офлайн
Бағасы
Тегін
Іс-шараға тіркелу
Қатысу үшін форманы толтырыңыз
